top of page

"Кемел ойдың кемеңгері"

2020 жылдың 6 ақпанында Ақой ауылдық кітапханасында Абай Құнанбайұлы туғанына 175 жыл толуына орай оқырмандарға: "Кемел ойдың кемеңгері" атты кітап көрмесі қойылып таныстырылды, "Адамзаттың шамшырағы - Абай" атты слайд көрсетілді.

Ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды.

5-6 сынып оқушылары мен қазақ әдебиетінің мұғалімі Әсемкүл Советханқызының қатысуымен "Абаймен кемел білімге" атты әдеби бульвар ұйымдастырылып өткізілді. Абай қазақтың әр баласын ұлт­жанды азамат етіп тәрбиелеуге ша­қыр­ды. Оның мұрасы – парасатты пат­риотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқу­дан, ақын өлеңін жаттаудан жалық­паған жөн. Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйре­нуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты.


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page